Баспасөз-релизі

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Директорлар кеңесі экспорттаушыларды қолдау саясатын бекітті

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі көзбе-көз отырысында Қоғам қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқармасының өткен жыл қорытындылары бойынша Қоғамның 2017-2021 жж. арналған даму жоспарының орындалуы туралы есебі және Қоғамның 2014-2023 жж. арналған Даму стратегиясының іске асырылуы жөніндегі есебі тыңдалды және бекітілді. 

Директорлар кеңесі «KazakhExport» ЭСК» АҚ-тың 2019 жылғы Жылдық қаржылық есептілігін алдын ала мақұлдады. «KazakhExport» ЭСК» АҚ экспорттаушыларын қолдау саясаты бекітілді. «Қазақстанның даму банкі» АҚ-пен бірлестікте «Баян сұлу» АҚ Қостанай кондитер фабрикасының өнімдерін қолдау жөнінде ірі мәміле мақұлданды.

   Қоғамның өткен жылғы таза кірісін бөлу жөнінде ұсыныстар қаралды, жай акциялар бойынша 100% таза пайда көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды. 

 

Анықтама үшін: 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ  («Бәйтерек» ҰБК» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету бойынша ведомстволық бағынышты ұйымы. 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады