Жаңалықтар

«KazakhExport»-тың жарғылық капиталы 29 млрд теңгеге артты

Компанияның жарғылық капиталы 100 млрд теңгеге дейін өсті, ал активтер көлемі 118 млрд теңгеден асты. Бұл  экспорттық мәмілелердің отандық өнім берушілерді қолдау құралдары арқылы  дамуына ықпал етеді.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жарғылық капиталын 29 млрд теңгеге толықтыру Жалғыз акционер – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 20 мамырдағы шешімі негізінде жүзеге асырылды. Осылайша, ол 100,1 млрд теңгені құрады, компанияның меншікті капиталы 109,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.  Жарғылық капиталды ұлғайтуға арналған қаражат ҚР Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 жарлығымен 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте №245  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайта отырып «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» бағдарламасында қарастырылған.

Сонымен қатар, Компанияның активтері өсті: жыл басында олар 88,2 млрд теңгені құраған болса, қазір 118 млрд теңгеге жетті.

KazakhExport Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов атап өткендей, жарғылық капиталдың ұлғаюы Компанияның дамуына жағымды әсер етеді, қазақстандық экспорттаушыларды сақтандыруды қолдау көлемі мен кәсіпорындардың экспорттық түсімінің өсуіне әкеледі.

– Бұл қазақстандық шикізаттық емес тауар өндірушілерді және сыртқы нарықтарда қызмет көрсетушілерді қолдауды күшейтеді, соның ішінде экспортты қолдаудың тиімді қаржылық шараларын ұсыну есебінен ірі экспорттық жобаларды жүзеге асыру бойынша қолдау күшейтіледі, – деп нақтылады Компания басшысы.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке алдағы үш жылда өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес экспортты қолдауға 500 млрд теңге бөлуді тапсырғанын айта кету керек. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы ретінде шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілетумен айналысады.

KazakhExport-тың қорғау шараларын халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырған, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған кез келген қазақстандық кәсіпорын пайдалана алады және сонымен қатар, өз бизнесін қажетсіз тәуекелдерден қорғай алады. Сақтандыру компаниясының портфелінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарының кең спектрі бар.

 KazakhExport қызметтеріне 2017 жылдан бастап 113 отандық экспорттаушы кәсіпорын 250 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру шартын жасай отырып,өтініш білдірді. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде KazakhExport сақтандыру жабуымен басқа қаржы институттарынан 111,5 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды.

 

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы»АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету бойынша ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуіне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.