Жаңалықтар

Moody' s KazakhExport жылдық нәтижелері бойынша жоспарлы жаңартуды шығарды.

Moody' s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы бойынша жаңартылған кредиттік пікір жариялады. Сақтандырушының халықаралық шәкіл бойынша қаржылық тұрақтылығының ағымдағы рейтингі - оң болжаммен «Baa3».

«KazakhExport» компаниясының қызметін талдай отырып, сарапшылар меншікті капитал деңгейінің жоғарлығына, рентабельділіктің өсіміне, қаржылық икемділігінің оңтайлылығына, бірнеше жыл бойы сақтандыру несиелері нарығындағы басым үлесіне, андеррайтинг стандарттарын таныту нәтижелілігіне тоқталып өткен.

Сондай-ақ сарапшылар экономиканың барлық секторларында экономикалық құлдырауға әкеп соққан пандемия кезеңіндегі  экспорттық сақтандыру компаниясының рөлін де назардан тыс қалдырмаған. Компанияның мықты капитализациясы мен «KazakhExport» мемлекеттік кепілдігі отандық экспорттаушыларды қолдауға арналған сақтандыру ауқымын арттырады және өзінің сақтандыру міндеттемелерін орындауына қамтамасыз ету болып табылады.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, экспорттық сақтандыру компаниясы өзінің инвестициялық портфелінің сапасы мен құрамын жоғалтпайды.  Келесі 12-18 ай ішінде «KazakhExport» өзінің нарықтағы бірегей позициясынан пайда табады және өзінің коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандыру портфелін едәуір кеңейтеді деп күтілуде. Сондай – ақ, сарапшылар Қазақстанның Baa3 елдік рейтингі мен Бәйтерек – Baa3 эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингі болжамына сәйкес KazakhExport-тың қаржылық тұрақтылық рейтингі бойынша да  оң болжамдардың бар екенін атап өтті. Бұл факт KazakhExport-тың, оның бас компаниясы мен сақтандыру компаниясына сөзсіз және тиімді қолдау, ішінде бұл несиелік экспорттық-сақтандыру бизнесін дамыту мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ арқылы Үкіметтен берілген капиталды тұрақты құю арқылы үнемі қолдау көрестетін Қазақстан Үкіметі арасындағы берік байланыстарды көрсетеді.

Жалпы KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингі деңгейінде бағаланды.