Жаңалықтар

«KAZAKHEXPORT» ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов Қостанай облысына барып, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен өңірдің экспорттық әлеуетін талқылады.

2017 жылдан бастап «KazakhExport» Қостанай облысының 11 кәсіпорнына жалпы сомасы 46,5 млрд.теңгеге қолдау көрсетті. Негізінен, бұл машина жасау және тамақ өнеркәсібі салалары. Компания «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «К-Oil» ЖШС, «Промбаза-7» ЖШС, «Фирма Арасан» ЖШС және т.б. сияқты кәсіпорындарға қолдау көрсетті.

«KazakhExport» экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуіне ықпал етеді, қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастырады. «Біз шикізат емес өнімді қолдауды одан әрі кеңейтуге және Қостанай облысы кәсіпорындарының экспорттық түсімінің көлемін арттыруға ықпал етуге ниеттіміз», - деді әкіммен кездесу барысында Руслан Ысқақов.

Облыстың сыртқы сауда айналымының құрылымында экспорттық жеткізілімдер өткен жылы 15% өсіп, 49% -ға немесе 1,1 млрд. АҚШ долларына жетті. Қостанай облысының өндірушілері өз өнімдерін Ресейге, Ауғанстанға, Өзбекстанға, Қытай мен Иранға сатады.

Өңдеу өнімдеріне  2019 жылдың қаңтар-қарашасына экспорттың 20% немесе 234,9 млн.АҚШ доллары тиесілі. Мына позицияларда өсім байқалады: көлік құралдары және қосалқы бөлшектер позициясында 6,4 есеге, макарон өнімдері позициясында  – 23%, сүт өнімдерінде – 12,2%.

Естеріңізге сала кетейік, жақында KazakhExport келісімге қол қойып, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Қостанай автокөлік өндірушісінің экспорттық нарықтарын кеңейту бойынша мәміле жасаған болатын. https://kz.keg.kz/news/show/924

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.